Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРЛЕСКЕН / ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нде 50 бірлескен / қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Оның ішінде бакалаврларды дайындау бойынша 3 бағдарлама, магистрлерді дайындау бойынша 47 бағдарлама: ЕҰУ-де іске асырылатын бірлескен/ қос дипломды білім беру серіктес ЖОО-мен бағдарламаларының тізімі.
Бірлескен / қос дипломды білім беру бағдарламалары:
- ТМД Желілік университеті (ТМД СУ): http://imp.rudn.ru/su_sng/
- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті (ШЫҰУ): http://uni-sco.ru/
- Жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер.
Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу тәртібі, қаржы мәселелері және оқуға құжаттар беру бірлескен/қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы ережеде жазылған (құжатты жүктеу).
ТМД және ШЫҰУ ЖУ шеңберінде құжаттарды тапсыру магистратурада оқу басталғанға дейін жүргізіледі. ТМД және ШЫҰУ ЖУ желісі бойынша түсу үшін міндетті талап:
- бакалавриаттың 4 курс студенті болу және ЕҰУ магистратурасына түсу.
- бакалавриат дипломының болуы және ЕҰУ магистратурасына түсу.
Құжаттарды тапсыру мерзімі мен тізімін Ресей ынтымақтастығы жыл сайын сәуір-мамыр айларында жүргізеді.
Жоғары оқу орындары арасындағы Келісім шеңберінде үміткерлер ЕҰУ-да магистратураға түскеннен кейін оқудың бірінші аптасында кафедраға өтінім беруі немесе халықаралық ынтымақтастық департаментіне жүгінуі тиіс.
Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін білім алушы ЕҰУ және серіктес ЖОО дипломдарын (екі диплом) алады.