«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық «Нұр» филиалы «Jas Otan» Жастар Қанаты
«Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар қанаты 2008 жылы 14 мамырда Астана қаласында «Jas Otan» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. Ұйымның еліміздің барлық облыстарында, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында филиалдары, сондай-ақ аудандық және қалалық деңгейде бөлімшелері бар: өңірлік филиалдары - 17, қалалық бөлімшелері - 37, аудандық бөлімшелері - 171, кәсіпорындарда - 230, ЖОО - да - 96. 2019 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 106 мың адамды құрады. «Jas Otan» Жастар қанаты Еуразия ұлттық университеті қабырғасында 2009 жылы құрылып, қазіргі таңда өз жұмысын жоғары дәрежеде атқаруда.
Атқарушы хатшысы: Каракесекова Гульдана Жумабаевна
2019 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының «Нұр» филиалы «Jas Otan» ЖҚ атқарушы қызметін атқарып келеді.
«Jas Otan» ЖҚ қызметінің мәні - қоғамның саяси өміріне қатысу.
«Jas Otan» ЖҚ-ның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру болып табылады: Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жағдай жасау. «Jas Otan» ЖҚ - «Nur Otan» партиясы саясатының белсенді іске асырушысы, елдегі жастардың жағдайын жақсарту және оны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге жұмылдыру бойынша іс жүзіндегі қадамдарды іске асыру орталығы.
«Jas Otan» Жастар қанатының мақсаты мен қызметі: Қазақстан Республикасының жастарын жан-жақты дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және т.б. жағдайлар жасау, олардың рухани-адамгершілігін, интеллектуалды және физикалық күшін, әлеуметтік және экономикалық, саяси, құқықтық жағдайын, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру.
Бүгінде «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының «Jas Otan» Жастар қанаты
- Жастар жобалары мен бағдарламаларының бастаушысы;
- Басқару органдарында жаңа формацияда жұмыс істеушілердің резерві;
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына өзгерту еңгізудің қозғаушы күші;
- Республикалық және аймақтық іс-шараларды ұйымдастырушы;
- «Nur Otan» партиясының саясатын белсенді жалғастырушы;
- Еліміздегі жастардың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудегі жұмылдыру ісі жөніндегі тәжірибелік қадамдарды жүзеге асыру орталығы.
«Jas Otan» ЖҚ-ның міндеттері:
· Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процесіне тарту;
· Жастардың бойында қазақстандық патритоитзм сезімін және азаматтық жауапкершілік ұстанымын, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
· Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
· Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге-де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;
· Жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, қазақстандық қоғамның демократиялануын арттыру, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді, оның тұрақты дамуын сақтап процестеріне тарту;
· Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
· Салауатты өмір салтын, білім мен еңбекті насихаттау;
· Жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, Қазақстанның жас азаматтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу;
· Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;
· Жастардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, рухани және табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
· Жастарды, аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;
· Уәкілетті органдарға жастар арасындағы жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да ауытқушылықтардың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;
· Дарынды жастарды іздеу, оларға көмек көрсету және ілгерлету;
· «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген олардың міндеттерін халыққа насихаттау және түсіндіру, «Jas Otan» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;
· «Jas Otan» ЖҚ мақсаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Мекен-жайы: Жумабаева 14/1
Телефон: 8 (747) 245 21 26
E-mail: jasotan_enu@mail.ru
Instagram желісі: @jasotan_enu