Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерінің «SENIM» кәсіподақ ұйымы
SENIM – студенттердің мәселелерін нақты шешу жолында құрылған белсенді жастардың ортасы. Негізі қаланғаннан бері, университет әкімшілігімен бірге студенттердің игілігі үшін жұмыс жасап келеді. Ұйымның негізгі міндеті – білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
«SENIM» студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуде белсенді ат салысуда:
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге материалдық көмек көрсету;
- сауықтыру іс-шараларын өткізу;
- мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да шараларды өткізу бойынша қайырымдылық көмек көрсету;
- студенттер арасында мәдени, зияткерлік және шығармашылық қатынасты ұйымдастыру және материалдық сыйлықтар әзірлеуге қолдау көрсету;
- студенттердің шығармашылық және зияткерлік конкурстарға қатысуына ықпал ету;
- тарихи және өлке-танымдық шараларда қайырымдылық көмек көрсету;
- студенттік кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жобалары мен іс-шараларын қолдау.
«SENIM» Кәсіподақ ұйымының мүшесі болумен қатаp Сіз:
- өзіңіздің заңды құқықтарыңызды қорғау кепілдігіне;
- студенттік өмір мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға белсенді қатысу мүмкіндігіне;
- университетішілік, қалалық, облыстық және жалпы республика бойынша іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне;
- кәсіподақ қорынан материалдық көмек алу мүмкіндігіне;
- жазатайым оқиғалар кезінде материалдық көмек алу мүмкіндігіне;
- университет өміріне белсенді қатысатын студенттерді көтермелеу туралы мәселені қарау мүмкіндігіне ие боласыз.
Төраға: Әлімбеков Аян Ғалымжанұлы
Байланыс: +7 (7172) 709 500, ішкі: 31 317
Менеджер: Қалшора Еспенбет Төлбасыұлы
Мекен жайы: Александр Пушкин көшесі, 11
Instagram желісі: @senim_enu https://instagram.com/senim_enu?igshid=p5utppvpfxlz