ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТЕР
БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА:
· Оқу ақысы үшін жеңілдіктер беру («Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттеріне оқу ақысы үшін жеңілдіктер беру туралы» Ережеге сәйкес, ақпарат сайтта)
· Ата-анасынан немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған және қамқоршысы бар білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету:
(2022 жылға)
- Мемлекеттік стипендияның 50% мөлшеріндегі стипендия тағайындалады (20.11.2019 ж. Қазақстан Республикасының редакцияланған №859 Жарлығының 21-тармағына сәйкес)
- Емтихан нәтижесі бойынша оқу үлгерімі «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» болған жағдайда білім алушының стипендиясына 30% қосымша үстемақы төленеді (05.08.2020 ж. Қазақстан Республикасының №498 редакциялық Қаулысы, 6-тармағына сәйкес)
- ай сайынғы тамақ үшін берілетін ақшалай өтемақы (күніне 1690,5 тг)
- бір реттік киім үшін берілетін ақшалай өтемақы (1 және 4 курстар – 127 923 тг, ал 2 және 3 курстар – 127 923 тг)
- оқуға түскенде (2 АЕК) және оқу бітірген кезде (4 АЕК) берілетін бір реттік ақшалай жәрдемақы (12.03.2012 ж. Қазақстан Республикасының №320 Жарлығына сәйкес)
· Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың (ДКК және мүгедектігі жайында анықтаманың жарамдылық мерзіміне байланысты – көру және есту қабілеті нашар жандар) стипендиясына 75% қосымша үстемақы төлеу (05.08.2020 ж. Қазақстан Республикасының №498 редакциялық Қаулысы, 6-тармағына сәйкес)
· Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлікте жүру үшін ақшалай өтемақы төлеу (тиісті құжаттарды тапсырған жағдайда) 1-санат – ата-анасынан немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған және қамқоршысы бар білім алушыларға (жол жүру құнының 100% мөлшерінде) 2-санат – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын отбасылардан жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен білім алушыларға (жол жүру құнының 50% мөлшерінде) (Нұр-Сұлтан қаласы Маслихатының 23.09.2015 ж. №410-57/V шешіміне сәйкес: әкімдікпен бірлесіп, ата-анасынан айырылған, аз қамтылған немесе көп балалы отбасынан шыққан білім алушыларға беріледі). Құжаттарды қабылдау/тапсыру бойынша факультеттегі Студенттермен жұмыс жөніндегі декан орынбасарына хабарласуға болады)
· Студенттер үйінде тұру жеңілдіктерін беру (ерекше білім алушыларға – мүмкіндігі шектеулі, ата-анасынан айырылған жандарға ақысыз жатын орын беріледі)
· Студенттік кәсіподақ ұйымы арқылы аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан білім алушыларға (кәсіподақ мүшелеріне) материалдық көмек көрсету («Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттеріне әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету туралы» Ережеге сәйкес)
· «Доктор Абдугалимов клиникасындағы» медициналық көмек (міндетті тіркеуден өткен білім алушыларға)
· Халықаралық, республикалық және қалалық фестиваль мен байқаулардың, олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздарын ынталандыру («Білім, ғылым, спорттық және қоғамдық қызмет саласында жетістігі бар білім алушыларды ынталандыру туралы» Ережеге сәйкес)
· «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығына берілетін жолдамалар (Ақмола облысы, Зеренді кенті)
· Теолог мамандардың жеке консультациясы (Jastar департаменті)
· Университеттің студенттік кинотеатрынан ақысыз кино көру (№ 5 Студенттер үйі)
Әлеуметтік жобалар бөлімі
Спорт орталығы, №101А каб. (Сәтпаев көш., 2),
тел: +7 (7172) 70-94-62, ішкі 31-115
Қосымша ақпарат:
@zhastarenu
@senim_enu