Құрметті жұмыс берушілер!
Карьера және бизнес әріптестігі бөлімі жұмыс берушілер және студенттер мен түлектер қатынастары бойынша негізгі құрылым болып табылады. Бүгінгі таңда ЕҰУ мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар, экономика мен әлеуметтану, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер салалары бойынша элиталық кадрлар дайындауды жүзеге асыра, біздің мемлекетіміздің озат жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады. Университет Қазақстан дамуына үлес қосатын, бәсекелесуге қабілетті, жоғары білімі бар жас мамандарды дайындайды.
ЕҰУ студенттері халықаралық білім және ғылым стандартатрына сай қомақты білім алады. Олар мемлекеттік қызметте де, бизнесте де сұранысқа ие.
Біз жұмыс берушілерге мыналарды ұсынамыз: студенттер мен түлектерге бос қызмет орынадарын және тәжірибелер мен жас мамандарды қабылдау бағдарламалары бойынша ақпаратты бастапқы, орта және жоғары позицияларға орналастыруды; бос қызмет орындарын ұсынуды; карьера және бизнес әріптестігі бөлімінің мәліметтер базасын пайдалану арқылы бос қызмет орындарына үміткерлер іздеуді; студенттерге сіздің компанияңыздың презентациясын өткізу мүмкігдігін; ЕҰУ-нің Қызмет орындары жәрмеңкесіне қатысуды; мансапты құру мәселелері бойынша лекциялар оқу мүмкіндігін; ЕҰУ кешеңіндегі шараларға ақпараттық қатысуды.
Карьера және бизнес әріптестігі бөлімімен ынтымақтастық – бұл сіздің компанияңызбен ЕҰУ арасындағы толық деңгейлі серіктес қатынастарды қалыптастырудағы бірінші қадам.