14.06.2023
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен «Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығы» кеңесінің төрағасы Ерлан Әукенов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат аясында тараптар Қазақстан Республикасы қалаларында тұрғын үй және монофункционалды аумақтарды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру үшін бірлескен зерттеулер жүргізуге, қала құрылысы және сәулеттік дизайн саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, бірлескен оқу және ғылыми іс-шараларды өткізуге және т.б. ниетті.
Кездесу барысында қоғамдық бірлестік өкілдері 30 жылда алғаш рет дайындалған және мемлекет бекіткен «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» атты оқу құралын таныстырды.
Тұсаукесер қорытындысы бойынша Ерлан Әукенов болашақта университетпен бірлесіп, осы стандарттарды қазіргі заманғы қалаларды дамыту үшін қолдана алатын мамандар даярлауға болатындығын атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған Ерлан Сыдықов келешекте жүзеге асуы тиіс ынтымақтастықтың бірнеше бағытын ұсынды: заманауи кафедра құру, Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығы базасында кафедра филиалын ашу, қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша сарапшылар мен талантты студенттердің арнайы тобын құру, университетте дәріс оқуға қоғамдық бірлестік мамандарын тарту және т.б.