08.06.2023
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушыларына Қазақстан Республикасының Президенті белгіленген стипендияларды тағайындауға конкурс өтетінін хабарлайды. Конкурс Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау Ережесіне сәйкес өткізіледі.
Стипендия:
1) студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға;
2) анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;
3) интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.
Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
Конкурсқа қатысу үшін тиісті факультет деканаттарына келесі құжаттарды тапсыру қажет: Басқарма төрағасы-ректордың атына өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, транскрипт (тек «өте жақсы» (А, А-) оқудың барлық кезеңіне)), санатты растайтын құжаттар.