Индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Өңдіріс саясатын сатылай дамыту мақсатында 2014 жылдың 1 тамызында №874 Қазақстан Республикасының Президенті Жарғысымен Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ИИДМБ-2) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Бағдарламаның мақсаты: өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталды:
1) өңдеуші өнеркәсіпті озыңқы дамыту;
2) басым секторларда тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту;
3) шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту;
4) өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту;
5) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын технологияландыруды жаңа деңгейге көтеру және инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз жасау;
6) өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті ынталандырып, шағын және орта бизнесті дамыту.
Талдау жүргізу нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіптің 6 басым салалары таңдалды, соның ішінде металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі. Олардың барлығы 14 секторларға бөлінген:
1) қара металлургия;
2) түсті металлургия;
3) мұнай өңдеу;
4) мұнай-газ химиясы;
5) азық-түлік өнімдерінің өндірісі;
6) агрохимия;
7) өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі;
8) автокөлік құралдарының, олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісі;
9) электр машиналары мен электр жабдығының өндірісі;
10) ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі;
11) теміржол техникасының өндірісі;
12) кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
13) мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
14) құрылыс материалдарының өндірісі.
Инновациялық секторлар тұжырымдамалық және бағдарламалық құжаттарда, Мемлекет басшысының жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басымдықтарға сәйкес айқындалған. Мұндай секторларға мыналар жатады: ұтқыр және мультимедиалық технологиялар, нано- және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақтың энергиясын іздеу және ашу салалары.
Мемлекеттің индустрииялық-инновациялық дамудың екінші басжылдығы шеңберінде және «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Елбасы жолдауында қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (бұдан әрі – ЕҰУ) жоғарыбілікті мамандарды даярлау жұмысын жүргізіп жатыр. ЕҰУ–і ИИДМБ-2 қатысушы ЖОО-ның бірі бола отырып, екі басымдық мамандықтар бойынша магистрлерді дайындайды, олар:
- 6М073000 – «Құрылыс материалдар, бұйымдар мен құрылымдар өңдірісі»
- 6М074600 – «Ғарыштық техника және технологиялар»
ИИДМБ-2 шеңберінде ЕҰУ-і 4 жылдың ішінде мемлекет энонмикасы үшін 1000 астам жоғарыбілікті мамандарды даярлау жоспарлаған.
2015 жылы ЕҰУ-да ИИДМБ-2 мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандарды даярлау басталды және ИИДМБ-2 шеңберіндегі бейіндік магистратураға (1,5 жыл) 211 адам қабылданды:
· 6М073000 «Құрылыс материалдар, бұйымдар мен құрылымдар өңдірісі» мамандығы бойынша – 130 адам
· 6М074600 «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша – 81 адам
2016 жылы бейіндік магистратураға (1,5 жыл) келесі жаңа білім бағдарламалары бойынша 240 адамдарды қабылдау жоспарлануда:
· Бетон және темір бетон бұйымдары мен құрылымдарын өңдірудегі энерготиімді және ресурсты үнемдеу технологиялары – 160 адам
· Ғарыштық роботтық техника және мехатроника – 80 адам
Әлемдік озық стандарттарын есепке ала отырып және ИИДМБ-2 шеңберіндегі ЕҰУ шетелдік әріптес ЖОО мен негізгі жұмыс берушілер арасындағы кеңес жүргізу нәтижесінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті негізінде білім алушыларға зерттеу жұмыстары мен практикалық жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін 2 лабораториялар ашылды:
- Кіші ғарыштық аппараттар лабораториясы
- Құрылыс материалдар, бұйымдар мен құрылымдар лабораториясы
ИИДМБ-2 тиімді және нәтижелі жүзеге асыру мақсатында ЕҰУ шетелдік озық университеттерімен екіжақты қарым-қатынастар орнатты. ИИДМБ-2 шеңберіндегі ЕҰУ-ның неігзгі шетелдік әріптес ЖОО:
- Берлин техникалық университеті (Германия) – 6М074600 «Ғарыштық техника және технологиялар» амандығы бойынша
- Таяу Шығыс техникалық университеті (Түркия) – 6М073000 «Құрылыс материалдар, бұйымдар мен құрылымдар өңдірісі» мамандығы бойынша
Ссылки: