ДЕПАРТАМЕНТТЕР, КЕҢЕСТЕР, ҚОҒАМДАР
Біздің ғылыми-зерттеу институтының, орталықтардың, кеңестердің есігі әрқайсысыңызға әрдайым ашық! Біз сіздердің зерттеулеріңізде ғылыми әлеуеттеріңізді дамытып, бағыт-бағдар сілтеп, қолдауға және өз ісінің шебер маманы болуларыңызға көмектесуге дайынбыз. Еуразия ұлттық университеті әрқайсысыңыздың қазақстандық ғылымның көшбасшысы болуыңызға мол мүмкіндік бермек!
Ғылым Департаменті
Департамент ағымдағы және келешекте жоспарланған ғылыми және инновациялық қызмет жұмыстарын ұйымдастырады; іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер, халықаралық бағдарламалар мен жобалар бойынша ҒЗЖ құжаттарын үйлестіру мен жетекшілік ету, оларды жүзеге асыруға атсалысады; университет ғылымын насихаттайды, халықаралық және республикалық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, жиналыстар, көрмелерді ұйымдастыруда және өткізуде атсалысады; университетте орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысына оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды және PhD докторанттарды тарту арқылы оқу үдерісімен ғылыми зерттеу байланысын нығайтумен айналысады; студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытады, сондай-ақ олардың ішінде университеттегі ғылыми және инновациялық қызметке дарындыларды тартумен айналысады.
Департамент құрамына келесі бөлімшелер кіреді:
Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімі
Технологиялар коммерциаландыру департаменті
Технологияларды коммерциаландыру департаменті 2014 жылдың 2 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықовтың бұйрығымен құрылды.
Мақсаты:
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушыларының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық тұрғыдан қолдануды дамыту, университет ішінде құрылған және табыс табуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді, ғылыми зерттемелерді нарыққа шығару.
Департамент құрамына келесі бөлімдер кіреді:
Ақпараттық –патенттік қызмет бөлімі
«ENU-Lab» Ғылыми-өндірістік орталығы
Еуразия технологиялар орталығы
Кеңестер
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң ғылыми-техникалық кеңесі ғылым, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты құрастыру және тәжірибе жүзінде iске асыру саласында университеттiң жоғарғы сарапшылық кеңесу органы болып табылады. ҒТК мақсаты - ғылым, ғылыми-техникалық және университеттiң инновациялық саясатын құрастыру мен тәжірибе жүзінде іске асыру тетiктерiнің негiзгi қағидаларын құрастыруда қайта өңдеу.
Жас ғалымдар кеңесі - бұл көкейкестi ғылыми проблемаларды өңдеу және басты ғылыми есептердi шешуде олардың күшiн бiріктiретiн университетіміздің шығармашылық жастарын кәсіби тұрғыдан өсіп-өнулеріне,инновациялық қызметтерінің даму жолдарын іздеуде жол сілтейтін қауымдастық.