Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целиноград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Қаулысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясымен бірігу жолы арқылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.
2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.
2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны болып саналады. 2001 жылы тамыз айында Мемлекеттік аккредитациядан өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ зерттеу университеті мәртебесіне ие болды және 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді.
Халықаралық ұйымдарға мүшелік ету
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетi жоғарғы мектеп ғылымдарының Халықаралық академиясына, Еуразия университеттер қауымдастығы және ТМД және Балтық елдерінің халықаралық зерттеулер қауымдастығына, Халықаралық университеттер қауымдастығы мен жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығына кiредi. 2005 жылы қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еуропалық бiлiм беру қатынастарына белсендi кiрiгу үшiн жаңа мүмкiншiлiктiң көзiн табатын Болон хартиясына қол қойды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды мойындау
2005 жылы Оксфорд университетінде білім ордамыз "Бiрiккен Еуропа" мәртебелi халықаралық медальіне лайық деп танылды. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Сократ атындағы қазiргi қоғамның зияткерлiк дамуына үлес қосқаны үшін (Оксфорд) Халықаралық наградасына ие болды.
2007 жылы «ТМД ең үздік компаниясы» алтын жұлдызымен марапатталған.
2010 жылы QS World Universities рейтингтік агенттігінің нәтижесі бойынша қазақстандық ЖОО арасынан әлемнің үздік 500 топ оқу орны қатарынан көрінген алғашқы оқу ордасы. 2012 жылы аталмыш рейтингіде 369-шы орынға табан тіреді.
«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты (2012 ж.).
2022 жылы ЕҰУ алғаш рет QS World University Rankings нұсқасы бойынша әлемнің үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына кіріп, 277 орынға ие болды. Университет бір жыл ішінде 328-ші орыннан 277-ші орынға көтеріліп, алғаш рет әлемнің үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына енді. Рейтингті жасау кезінде білім беру қызметі, зерттеу қызметі, дәйексөз келтіру, коммерцияландырудан түскен табыс, интернационалдандыру сияқты жоғары оқу орындары қызметінің көрсеткіштері пайдаланылады. 2022 жылы, бұрынғыдай, ЕҰУ-дың ең жақсы көрсеткіші – «интернационалдандыру».
2021-2022 жылдары ЕҰУ әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингтерінде алғаш рет бір салалық және тоғыз пәндік рейтингтерге кірді, сонымен қатар бір салалық және үш пәндік рейтингтерде позицияларды арттырды.
Бес жылдан астам уақыт бойы ЕҰУ QS Top 50 UNDER 50 нұсқасы бойынша әлемнің жас жоғары оқу орындарының рейтингіне енген Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. QS Emerging Europe and Central Asia аймақтық рейтингінде университет 42 орынға көтерілді.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Times Higher Education Asia University Rankings 2022 рейтингінің топ-500-ге енген Қазақстанның екі жоғары оқу орнының бірі.
2022 жылы ЕҰУ QS World University Ranking by Subject рейтингі бойынша үш пән бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші орынды иеленді. Еліміздің жетекші университеті әлемнің үздік университеттерінің 11 пәндік рейтингінде ұсынылған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4-ке тең болды.
Рейтинг нәтижелері бойынша ЕҰУ қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 3 пән бойынша көш бастап тұр: «Қонақ үй бизнесі және бос уақытты басқару», «Саясат және халықаралық зерттеулер», «Өнер және Дизайн».
ЕҰУ отандық университеттер ішінде «Тарих», «Лингвистика», «Физика және Астрономия» және «Құқықтану» пәндері бойынша алғашқылардың бірі болып табылады.
Пәндік рейтингті өткізу барысында университеттің академиялық сарапшылар мен жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне дәйексөз келтіру, сондай-ақ басылымдардың Хирш индексі бағаланады.
Әлемнің үздік 200 пәніне «Қонақ үй бизнесі және бос уақытты басқару», «Өнер және Дизайн», «Тарих», «Құқықтану», «Саясат және халықаралық зерттеулер», «Лингвистика» РММ-нің 6 пәні кіреді.
2022 жылы Times Higher Education ranking by Subject 2023 университеттерінің халықаралық пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Білім» пәні бойынша әлемдік рейтингте белгіленген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды. Осы бағыт бойынша ЕҰУ әлемдегі университеттер арасында топ 501-600-ге ұсынылды.
Халықаралық қатынас
Халықаралық қатынас шетелдік ЖОО-лармен, ғылыми орталықтар және басқа да Еуропалық Одақ, Америка мен Мұхит, Азия және Африка, ТМД елдерінің ұйымдарымен, Қазақстандағы халықаралық ғылым - білім беру қорлары, елшіліктер, өкілдіктермен жасалынған 116 келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. 2001 жылы Елбасының бастамасымен ЕҰУ-де М.В.Ломоносов атындағы ММУ–дің қазақстандық филиалы ашылған.
Қазақстандағы алғашқы ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясындағы қос дипломды білім беруді жүзеге асырған білім ошағы.
Білім беру
Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі.
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.
Университет құрамына 13 факультет кіреді (механика-математика факультеті, ақпарттық технологиялар факультеті, сәулет-құрылыс факультеті, жаратылыстану ғылымдар факультеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, заң факультеті, филология факультеті, экономика факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, физика-техника факультеті, журналистика және саясаттану факультеті, тарих факультеті және көлік-энергетика факультеті).
Сонымен қатар университетте екі әскери-оқу мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындайтын әскери кафедра жұмыс істеуде.
Магистрлер мен PhD докорларды дайындауда ғылыми жетекшілік етуге заманауи талаптарға сәйкес Қазақстанның жетекші ғалымдары әлем университеттері мен ғылыми орталықтардың шетел ғалымдары тартылып жатыр.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстанда алғаш рет ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясында қос дипломды білім беруді келесі мамандықтар бойынша іске асырды:халықаралық құқық, филология, география, экология, экономика, менеджмент, заңтану, наноматериалдар мен нанотехнологиялар.
Ғылым
Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 28 ғылыми бөлімше жүзеге асырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты бағыты – іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселлерін шешу болып табылады. Жыл сайын университетте 100-ге жуық халықаралық , республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ зерттеу университеті мәртебесіне ие болды және 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді.
ЕҰУ ғылымы ел экономикасының нақты секторына үлес қосуды арттыруға бағытталған. Университет іске асырып жатқан Даму бағдарламасының негізгі бағыттары ғылыми және білім беру қызметін интеграциялау, кадрлар даярлау сапасын арттыру, ғылымның, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту, елдің әлеуметтік дамуына қосқан үлесін арттыру болып табылады.
Әлеуметтік-мәдени өмір
Еуразия ұлттық университетi студент- жастардың ұлттық-мәдениетiне, рухани-адамгершiлiгәне, эстетикалық және отансүйгiштiк тәрбиесiне аса мән беріп келеді. Жыл сайын студенттерiміздiң қатысуымен өлкемізде және басқа қалаларда көптеген іс-шаралар,университет байқаулары ұйымдастырылады. Студенттер университетті басқару,білім ордамыздың түрлі мәселелерін шешуде белсенді атсалысып келеді. Университетте ЕҰУ жастар саясатының даму мәселелері,студенттердің әлеуметтік қорғалуы, "Қазақстан студенттерiнiң Альянсы", "Қазақстан жастарының Конгресi", "Жас Отан", Есірткісіз болашақ" және тағы да басқа ұлттық және аймақтық жастар ұйымдарына қатысу мәселелерімен айналысатын Жастар саясатының орталығы құрылған.
Сондай-ақ, ЕҰУ-де студенттiң шығармашылық қабілетін шыңдауда барлық жағдай жасалған. Студенттiк филармония келесi бағыттар бойынша жұмыс iстейдi: театр-студия, хореография, вокал, домбыра, КТК, имидж-топ.Телерадиостудия ашылған.
Студенттердiң, ОҚП мен қызметкердің салауатты өмiр салтына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл сайын оқытушылар мен қызметкерлердің спартакиадасы өткізіліп келеді.Спорттық секцияларға қатысып, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жеңіспен оралған көптеген білім алушыларымыз тек білім ордамыздың ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің мақтанышы деп айтуға негіз бар.